RU
Ел ағасы аста-көк той жасайтын қазақтарды заңмен жазалауды талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Ел ағасы аста-көк той жасайтын қазақтарды заңмен жазалауды талап етті

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында ел ағасы той өткізу бойынша қалыптасып кеткен бәсекелестік мәселесін көтеріп, шеттен шығып жататындарды заңмен жазалауды талап етті. Ол шамасына қарамай салтанатты шара үшін несие алып, қарызға белшесінен батып жататын қазақтарды сынға алған деп жазады zamana.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: toplist.kz

Фото: toplist.kz
Source: UGC

"Қазақтар тойларына 200-500-ге дейін қонақ шақырып жатады. Тіпті кейде ол сан 700 ге дейін өсіп кетеді. Думанды тойлардағы ысырапшылықтың өзі алдына бөлек әңгіме. Дүркірете той өткізуге көпшіліктің мүмкіндігі жоқ. Алайда, олар амалдар іздеп, тығырықтан шығу жолдарын іздейді.

Қажет болса несие алып, қарызға белшеден бату олар үшін түк емес. Бастысы басқа біреуден төмен қалып қоймаса болғаны" , - деп бастады тұрғын.

Оның айтуынша, той соңында қалып қалатын су мен тамақ нағыз ысырапшылық. Ер адам, ішімдікке лық толы мерекелік шаралардың соңы да түрлі келеңсіз оқиғалармен аяқталатынына да шүйлікті.

Ауданның құрметті азаматы бұл шеттен шыққандық жайттарға нүкте қойып, аста-көк той иелерін заңмен жазалауға шақырды.

"Биліктегілер осы мәселеге мән беріп, бір нәтиже шығарса екен деймін. Тойларға қатысты кәдімгідей заң қабылданса жақсы болатын еді. Неге біздің лауазымды шенеуіктерімізді мұндай жағдайлар толғандыртпайды?" , - дейді ол.

Осы тұрғыда, ер адам Тәжікстан мен Өзбекстандағы тойларға қойылған талаптары мен қолданған шараларын жоғары бағалап, оларды қазақтардың думандарымен салыстырды.

"Өзбек ағайындарымыздың тойына шақырылдым. Мен олардың шеттен шыққан аста-төк тойларға жол бермейтіндерін байқадым. Тамақтары да өте дәмді әрі шақтаулы дайындалған" , - дейді күйінген ел ағасы.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel