RU
Теміртауда жүріп бара жатқан автобус өртеніп кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Теміртауда жүріп бара жатқан автобус өртеніп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағандының Теміртау қаласында жүріп бара жатқан автобус отқа оранды. Адамдарға лық толы қоғамдық көліктің отын сөндіруге екі бригада атсалысқан деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Куәгерден

Фото: Куәгерден

Оқиға №15 бағыттағы автобуста орын алған. Абырой болғанда, қоғамдық көліктің ішіндегі барлық жолаушылар сыртқа шығып үлгеріпті. Ал тапа-тал түсте лаулаған жалыннан автобус жүргізушісінің білектері күйіп қалған екен. Амбулаториялық емдеуден бас тартқан ол үйіне қайтарылыпты.

Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Алайда, мамандар бұл ескірген автобустардағы техникалық ақаулар себебінен болуы мүмкін деп отыр.

Қалада осыдан үш апта бұрын да жолаушылар автобусы отқа оранған болатын.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel