RU
Атырауда "Тойота" мінген жас жігіт балалы келіншекті қағып, мерт қылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда "Тойота" мінген жас жігіт балалы келіншекті қағып, мерт қылды

Рассказать Вконтакте

Атырау маңындағы Құрсай аулыныда 22 қыркүйек күні кешкі уақытта Toyota Corolla көлігін мінген жас жігіт жолдан екі баласымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Көрнекі фото: Arnapress.kz

Көрнекі фото: Arnapress.kz
Source: UGC

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 37 жастағы әйел мен үш жасар ұлы көлік қаққан жерде тіл тартпастан мерт болған. Ал бес жасар қыз ауыр жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізіліпті.

ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Toyota көлігін атыраулық жас жігіт басқарыпты.

Енді оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
9
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel