RU
ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған азамат халық емшісіне көрінген
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған азамат халық емшісіне көрінген

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да сібір жарасын жұқтырып қайтыс болған адам дер кезінде дәрігерлерге жүгінгенде аман қалатын еді. Ауруханаға тек бір аптадан кейін барған ер адам дертін асқындырып алған. Бүгінгі күні онымен қарым-қатынаста болғандардың барлығы тексерістен өтіп жатыр деп жазады 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: podolskriamo.ru

Фото: podolskriamo.ru

Адам өліміне әкеп соққан ауру осыдан 45 жыл бұрын дерт ошағы болған мекеннен тарағаны анықталды. Қазіргі таңда бұл жерде карантин жарияланған.

Ер адам сібір жарасын тоғызыншы қыркүйек күні мал сойған кезінде жұқтырып алғаны белгілі болды. ШҚО тұрғыны ауруханаға жүгінбей бастапқыда халық емшілерінене ем қабылдап жүрген. Алайда, олардың әрекеттерінен нәтиже шықпаған соң кәсіби дәрігергерге барып қаралған. Онысына қарамастан, ер адам ауруханада жатып емделуге қарсы болып, одан бас тартқан.

Орын алған оқиғаға қатысты облыс әкімі Даниал Ахметов пікір білдірді.

Арнайы құрылған жұмыс тобы науқастың 18 қыркүйек күні ауруханадан кетіп қалған анықтады. Ол өз бетінше кетуді ұйғарған. Алайда, аудандық ішкі істер қызметкерлері оны қайтадан әкеліп емханаға жатқызған. Ертесіне ол облыс орталығына жеткізіліп, 21-і күні түсте сағат 13.55-те қайтыс болды.
Сойылған малдың етін жегендер де арнайы тексерістен өтіп, бүгінде олардың бірінен де аурудың белгілері анықталған жоқ. Ешкім пайдаланып үлгермеген торпақтың еті толығымен жойылған. 21 күні тағы бір өгізше өліп, оның денесі де өртеліп көмілді. Дәрігерлер орын алған жағдайдан кейін көпшіліктің алңдауына ешқандай негіз жоқ екенін айтты" , - деп жеткізді Даниал Ахметов.

ШҚО тұтынушылардың құқын қорғау департаменті басшысының орынбасары да өз кезегінде ауыр дерттің шығу себептеріне тоқтала кетті. Оның айтуынша, ауру Қатоңқарағай ауданына қарасты Салонов аулында 1972 жылы көмілген қорымнан шыққан. Ал оның сыртқа шығуының басты себебі тасқын мен жаңбырдың көпшілігі дейді маман.

Оған қоса, Болат Қуанышбеков Сібір жарасының адамнан адамға жұқпайтынын айтып, көпшілікті үрейленбеуге шақырды. Ол ауру ошағы қайта көміліп, залалсыздандырылғанына сендірді.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel