RU
Астанада күннің суығына қарамай жалаңаш жүгірген тұрғын ел назарын аударды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада күннің суығына қарамай жалаңаш жүгірген тұрғын ел назарын аударды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада таңмен таласып көше ортасында жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Елордалықтар ер-азаматтың аталған әрекетін ерсі санап, "күннің салқындығына" қарамастан, оның неліктен жартылай жалаңаш жүргеніне таңданған деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Белгісіз тұрғынның таңмен таласып жартылай жалаңаш жүрген видеосын жергілікті тұрғындардың бірі түсіріп алған. Айтуынша, ер адам қаланың Нәжімеденов көшесінің бойымен, Ұлттық музей тұсында жүрген көрінеді.

"Ертемен аялдамада автобус күтіп тұрғанбыз. Жартылай жалаңаш жүгіріп бара жатқан адамды көріп таң қалдық. Ол көше бойымен музейге қарай бет алып бара жатты. Қазір Астанада күн салқын, таңертең тіпті суық боп тұрады. Неліктен кеудесіндегі жейдесі мен шалбарын шешіп тастағаны түсініксіз. Тіпті жүгірген адам жас адам да емес, үлкен адам сияқты көрінді", - дейді қала тұрғыны.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, белгісіз тұрғын таңғы жаттығу жасап жүруі әбден мүмкін екен.

"Жүгіргеніне қарағанда, таңғы жаттығу жасап жүр деп болжадым. Бірақ, олай жалаңаштудың қажеті жоқ сияқты. Астанада да мұндай жағдайлар болып тұрады, түкке таң қалмайтын болдық", - деп күлді тұрғын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel