RU
Алматы облысында сібір жарасына шалдыққан малдар көмілген жерге мектеп тұрғызбақ
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында сібір жарасына шалдыққан малдар көмілген жерге мектеп тұрғызбақ

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында орналасқан Казатком ауылында сібір жарасына шалдыққан малдарды көмген жерге шенділер мектеп тұрғызбақшы. Ауыл тұрғындары орын алған оқиғаға үреймен қарап, дабыл қағуда деп хабарлайды Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Сібір жарасына шалдыққан малдар көмілген жерге мектеп салмақ болғандар қоқыс полигонын қоршап, су құбырларын да өткізіп үлгерген. Жерді қазған сайын өлген жануарлардың иісі шығып, жер астынан олардың сүйектері көрініп жататын болған.

Бұл тұрғыда шенділердің де өз айтары бар. Олар мұндай жағдайдың орын алуына тұрғындардың ауыл шетіне қоқысты қаптатқаны себепкер деген.

Қоқыс ошағы елді мекеннен екі жүз метр шақырым қашықтықты ғана орналасқан. Казатком ауылынан сібір жарасы анықталып оны бір ай мерзіміне карантинге жауып тастаған болатын. Сол кезде ит, құстар мен барша дертке шалдыққан малдар өртеніп, дәл осы қощыс полигонында көмілді.

Бұл оқиғадан кейін арада он жыл өткенннен кейін шенееуіктер Ақбұлақ бағдарласы бойынша мекенге су тартып, осы тұстан құбыр өткізіп әлек. Онысымен қоса, олар дәл сол жерде балалар білім алатын мектеп тұрғызбақшы болып шықты.

Жергілікті халық болса, құрылыс барысында мал өлекселері қазылып шыққан жағдайда, 2010 жылғы жағдай қайта орын алатынын айтып шағымданды.

"Басқа жер құрып қалғандай, мектепті сібір жарасынан қырылған мал көмілген орынға салып жатыр. Алпыс жылдан бері түрлі аурулардан өлген малдың бәрін осында өртеп келдік. Олар қазылса, тағы да сібір жарасы шығып, бәріміз дертке шалдығамыз ғой" , - деп өз наразылығын білдірді тұрғындар.

Бұл тұрғыда шенділерде өз пікірімен бөлісіп, мәселенің мән-жайын ашуға тырысты. Олар дүрбелең қаққан халықтың айыптаулары мүлде орынсыз екенін алға тартты. Сонымен қатар, шенеуіктер сегіз жыл бұрын ауылдың сібір жарасы салдарынан емес, өзге дерт кесірінен карантин болғандарын да айтты.

"Бұл қоқысты халықтың өзі қаптатты. Бізге жала жаба бермесін. Полигонға ештене көмілген жоқ. Өлекселер көмілген жер басқа тұста мүлде" , - дейді Ақши ауылдық округінің әкімі Сабыржан Айттбаев.

Ал халықтың ашуына тудырған құрылыс мектепті емес, жер үйлер салуға бағытталған болып шықты. Бұл құрылыс жұмыстарыт қарқынды түрде тазалау жұмыстары аяқталған соң ғана іске аспақ. Жаңа баспаналарға кезекте тұрған 400 отбасы орналастырылады деп жоспарлануда.

Жұртшылықтың айтқан мектебі болса алдағы үш жыл ішінде Казаткомның орталығында салынбақшы. Ауыл әкімі халық көмген өлекселер орны санитарлық нормаға сай деп ақталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel