RU
"Кәмшаттың көшірмесі": Мақпал Исабекованың су жаңа клипі сынға ұшырады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Кәмшаттың көшірмесі": Мақпал Исабекованың су жаңа клипі сынға ұшырады (видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын су жаңа клипін жарыққа шығарған Мақпал Исабекова елдің сынына ұшырады. Оның бейнебаянын көпшілік "көшірме" деп айыптаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің "Любовь" атты әнін Жолдыбаеваның "Падиша" клипіне ұқсатқан.

"Мақпал, ренжімеңізші. Бейнебаяныңыз Кәмшаттың "Падишасына" айнымай қалған", "Көшірмесіңдер ғой", "Әніңіз адамды шаршатады".

"Осы қазақтың қыздары жалаңаштанып, аунамаса клип түсіре алмайды ма?", "Маған бейнебаяныңыз ұнамады", деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Айта кетейік, Мақпал Исабекованың бейнебаяны 4 күнде 80 мыңға жуық қаралым жинаған.

Ал Кәмшат Жодыбаеваның "Падишасы" бір жылдан аса уақытта 2 млн 700 мың рет қаралған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel