RU
Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік азаматы елден кете ме?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік азаматы елден кете ме?

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік азаматы туралы пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

Министр өз кезегінде "Көлік жүргізушісін ұрған түрік азаматы елден қуыла ма?" деген сауалға жауап берді.

Ол "Іс қаралып жатыр, тергеу жүріп жатыр" деп қысқаша қайырған.

Сондай-ақ, министр тергеу аяқталған соң іс сотқа жөнелтілетінін айтты.

"Аталған мәселе тек сот шешімінен кейін ғана белгілі болады. Сондықтан сот шешімін күтетін боламыз", - дейді министр.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісін белгісіз біреу соғып кеткен еді. Кейін тәртіп бұзушының түрік азаматы екені анықталған. Біршама уақыттан кейін азамат кешірім сұрағанымен, жәбір көрген көлік жүргізушісі істі сотқа дейін жеткіземін деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel