RU
Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты
Жаңалықтар Спорт

Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі қыркүйектің соңына дейін сотқа жіберу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді. Ол аталған істің аяқталуға жақын екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото: universe.byu.edu

Денис Тен. Фото: universe.byu.edu
Source: UGC

"Қазір қылмыстық істің аяқталуына байланысты қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Негізінен, барлық санаттар анықталды", - деді Қасымов үкіметтегі брифингте.

Сондай-ақ, ол іспен танысу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Одан бөлек, министрге жүргізілген рейдтерден басқа ұрланған көлік бөлшектері мен айналардың, сондай-ақ, ұялы телефондардың мәселесін шешуге қатысты сұрақ қойылды.

Сұраққа жауап берген Қасымов қазіргі уақытта полицияның әкімшіліктермен, салықтық органдармен серіктестігін жалғастырып жатқанын айтты.

"Әрине, бір күнде мүмкін емес" ,- деді министр.

Қалмұханбет Қасымов бұл мәселеге қатысты алғашқы қадамдар жасалғанын, ары қарай тоқтамау қажеттігін жеткізді.

"Көлік бөлшектері мен ұялы телефондардың, тіпті, базардағы малдардың ұрлануына қатысты мәселелерді шешу үшін жұмысты жалғастыра беру керек", - дейді Ішкі істер министрі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде күні Денис Тен көлік ұрлықшыларының қолынан қаза тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel