RU
Оралда жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Оралда жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың денесі табылды. Оны соңғы рет 17 қыркүйек күні аудандық "Ғылыми-техникалық кітапхана" аялдамасында көрген. Карина Достанова өзін вокзалға апаратын адамды күтіп отырыпты. Бойжеткен Ақсайға кетпек болған екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Оралда жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Карина Достанова. Фото: Туыстарының мұрағатынан

"Каринамен бірге 32 жастағы Еркін Нұрғалиев та жоғалып кетті. Аруды тірі кезінде соңғы рет көрген сол азамат еді",- деді қыздың туыстары.

Бойжеткеннің жоғалғаны туралы ақпарат барлық әлеуметтік желілерде тараған болатын. Ал 24 қыркүйек күні оның өлі денесі табылды.

"2018 жылдың 24 қыркүйек күні полиция қызметкерлері 1995 жылы туған қызды өлтірді деген күдікпен 1986 жылғы азаматты ұстады.
Орал қаласының Ішкі істер басқармасы бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1- бөліміне сәйкес сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Наурызғалиева.

Артында баласы қалған марқұмның жерлеу рәсімі 26 қыркүйек күні Ақсайда өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel