Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эйр Астанадағы" жанжал: Қырғызстанда тағы бір шенеунік қызметтен кетуі мүмкін

Опубликовано:

Қырғызстанның сыртқы саясат мекемесі елдің Кореядағы елшісі Кылычбек Султанның қызметтен кетуі туралы мәселені қарастырмақ деп хабарлайды Қырғыз телеграфты агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кылычбек Султан. Фото: ok.ru
Кылычбек Султан. Фото: ok.ru: UGC

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе 24 қыркүйек күні Кылычбек Султан қатысқан баспасөз конференциясынан кейін қозғалғанын айтты.

Онда елдің Кореядағы елшісі "Эйр Астана" бортында болған кейбір ақпараттарды жария етіпті.

Ал оқиғаға елдің еңбек және әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасары Зууракан Кәденованың тікелей қатысы бар болған.

Конференцияда Султан жоғарыдағы басшылық бұл мәселеге қатысты тіс жармауды бұйырғанын жеткізіпті.

Ведомство хабарлағандай, бұл әрекетімен елші "кезекті рет" мемлекеттік қызметкер әдебі мен "дипломатиялық мәдениет ережелерін" сақтамаған. Енді оның қызметіне қатысты мәселе туындап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын Қырғызстанның экс-шенеунігі Зууракат Кәденова "Эйр Астана" бортында шу шығарған болатын.

Осы әрекетіне байланысты ол қызметінен де қуылған еді.

Ал Қырғызстанның Кореядағы елшісі Кылычбек Султан экс-вице министрдің ұшаққа мас күйінде отырғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1754588-ejr-astanadagy-zanzal-kyrgyzstanda-tagy-bir-seneunik-kyzmetten-ketui-mmkin/

pixel