RU
Астанада NUR.KZ тілшісін өлтіріп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада NUR.KZ тілшісін өлтіріп кетті

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының Астана қаласындағы тілшісі Ирина Бекетованы бүгін түнде өлтіріп кеткен.

Фото: facebook.com/ira.beketova

Фото: facebook.com/ira.beketova

Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Ирина төрт баласын жалғыз өзі асырап келген. Оның тұңғыш ұлы мүгедек болса, екінші баласы биыл екінші сыныпқа аяқ басыпты. Ал кенже егіздері небәрі үш жаста екен.

Марқұмның құрбысының сөзіне сүйенсек, Ирина үнемі ашық-жарқын жүретін, қиын-қыстау кездерде жақындарына көмек қолын созуға даяр тұратын мейірімді адам болған.

Жаңалық порталына ауысқалы достарына жақсы жұмыс таптым деп мақтанып, "Өмірінің оңала бастағанына" қуанып жүрген көрінеді.

Осыған дейін ол "Қазақстан теміржолшысы" басылымында жұмыс істеген.

NUR.KZ редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel