RU
Олимпиада чемпионы атанған хоккейші қыз 34 жастағы әйелге тұрмысқа шықты
Жаңалықтар Спорт

Олимпиада чемпионы атанған хоккейші қыз 34 жастағы әйелге тұрмысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Әйелдер арасындағы хоккейден АҚШ құрамасының капитаны Джиллиан Эппс есімді 34 жастағы кәсіби хоккейшімен отбасын құрды. Меган Дагган есімді арудың таңдауы Олимпиаданың үш дүркін жеңімпазы атағын иеленген канадалық әйелге түскен деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Жыныстық тұрғыда ерлерді емес әйелдерді қалайтын спортшылар өз қуанышын жасырмай, үйлену тойындағы суреттерімен желіде бөлісіп те үлгерген.

"Өміріміздегі ең бақытты күндердің бірі. Біз аңсаған күнімізге жеттік. Отбасымыз!" , - деп жазған Меган.

Олардың некелесу рәсімдері АҚШ-тағы Мэн штатында болып өткен.

Айта кетейік, Меган Дагган Ванкувер мен Сочиде өткен Олимпиададан күміс жүлдемен оралып, 2018 жылы Пхёнчханның алтынын қанжылады.

Ал Джиллиан Эппстің жасы үлкен болған соң, жетістіктері де сәйкесінше сүйіктісінен көбірек. Ол Турин, Ванкувер мен Сочиде өткен Олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алған.

Хоккейшілер отбасында енді төрт алдын медаль жинақталды.

Сіздің реакцияңыз
3
9
6
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel