RU
Қартайған адамдарға жастардың қанын құйып беретін клиника ашылады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қартайған адамдарға жастардың қанын құйып беретін клиника ашылады

Рассказать Вконтакте

Нью-Йоркте Ambrosia Medical клиникасы ашылады деп жоспарлануда. Онда мамандар 8 мың долларға жастардың қанын қарт адамдарға құйып, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: bigbenas.lt

Көрнекі фото: bigbenas.lt

Стэнфорд университетінің түлегі Джесси Кармазин клиника ашу туралы идеясын ұсынбас бұрын зерттеу жұмысын жүргізген. Онда 16-25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастардың қанын 35-92 жас аралығындағы адамдарға құйып көріпті.

Кармазиннің айтуынша, мұндай емдік шара денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді.

Ambrosia Medical клиникасы Нью-Йоркте жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

Ондағы ем-дом шараларын тұрғындар асыға күтіп, кезекке жазылып үлгерген. Қызмет түрінің қымбаттығына қарамастан, 100 адам қан алмастыруға ниет білдіріпті.

Алайда Кармазиннің кей әріптестері оның идеясына күдікпен қарап отыр.

"Мұндай емнің жақсы әсері болады деген ешқандай клиникалық белгі жоқ", - дейді Стэнфорд университетінің неврологы Тони Висс-Корай.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel