RU
Қарағандыда көз жұмған сарбаздың денесі Түркістан облысына жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда көз жұмған сарбаздың денесі Түркістан облысына жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы әскери бөлімшеде белгісіз жағдайда қайтыс болған қызметкер Темур Нурмановтың мәйіті Түркістан облысына жеткізілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандыда көз жұмған әскери қызметкердің денесі Түркістан облысына жеткізілді

Көрнекі фото: result_img

Әскери қызметкер әскери бөлімше аумағында емес, ІІМ Ұлттық ұланының № 6505 бөлімшесінің әскерилері күзететін түзету колониясына қарама-қарсы орналасқан казармада көз жұмғаны анықталды.

Қазіргі таңда тергеу оның өлімін өзін-өзі өлтіру және қарудың абайсызда атылып кетуі деген екі нұсқа бойынша зерттеп жатыр.

Темур Нурманов сап қатарында баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан. Осы сәтте оқ атылған.

«Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бойынша тергелуде", - деп мәлімдеді ІІМ Әскери-тергеу басқармасының орталық өңір бөлімінің Қарағанды бойынша бөлімшесінің қызметкерлері.

Әскери құқық қорғау органдары іс қайта қаралуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұған дейін № 6505 әскери бөлімшеде келісім-шарт бойынша қызмет ететін қызметкер 19 қыркүйек күні басына оқ тию салдарынан көз жұмғаны хабарланған болатын. Өзбекстанның тумасы Темур Нурманов Шахтинск қаласында анасы және бауырымен бірге тұратын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel