RU
Үздіктерді марапаттау кешіне келмеген Роналду мен Месси қатаң сынға қалды
Жаңалықтар Спорт

Үздіктерді марапаттау кешіне келмеген Роналду мен Месси қатаң сынға қалды

Рассказать Вконтакте

Жылдың үздік футболшысы мен бірқатар басқа да жүлде иегерлері анықталатын ФИФА-ның кезекті шарасына Криштиану Роналду мен Лионель Месси келмей қойған. Бұл футбол бірлестігінің соңғы 11 жылында орын алмаған оқиға. Осы орайда, ФИФА марапаттау кешіне келуден бас тартқан жұлдызды футболшыларды сынға алды деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

ФИФА өкілдеріне салтанатты марапаттау шарасына Месси мен Роналдудың келмей қойғаны ұнамай қалған. Бірлестік бұл тұрғыда өз ойын жасырмай-ақ, футбол жұлдыздарының қылығына қатысты пікірлерін ашық айтты.

"Олар футболды құртатын қылық істеуде. Жұлдызды ойыншыларымыздың өзі оны түсінбейді. Бұл әрекет спортқа кері әсер тигізбек. Олар жеңгенде басқалар келіп қуаныштарына ортақтасты ғой. Неге олар тек өздері жеңген кезде ғана келгісі келеді?" , - деп жеткізді бірлестік өкілдері.

"Бұл барып тұрған өзімшілдік пен сыйламаудың белгісі. Сен марапаттауға жеңсең де, жеңбесең де келуге тиіссің" , - деді өз ойын айтқан Ресей құрамысынң бұрынғы бапкері Фабио Капелло.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Айта кетейік, екі жұлдызды ойыншы жылда өтетін марапаттау шарасында биыл бой көрсетпеді. Үздік үштікке кірген Роналду "Ювентустың" тығыз кестесіне орай келмесе, Месси жеке себептерге байланысты бармаған.

Жылдың ең үздік футболшысы болып Лука Модрич танылды. Дауыс берушілердің көпшілігі бас жүлдеге хорватиялық футболшы лайық деп санаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel