RU
Қасымов сержанттар мен лейтенанттар қанша жалақы алатынын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасымов сержанттар мен лейтенанттар қанша жалақы алатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігінің басшысы Қалмұханбет Қасымов жол-патрульдік полициясындағы кадрлық жағдайлар туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қалмұханбет Қасымов. Фото: kazday.kz

Қалмұханбет Қасымов. Фото: kazday.kz
Source: UGC

"Қазір офицерлік қызметке 3000 қызмет ауысты. Өкінішке орай, бұл жұмыс тек үш аймақта аяқталған, ал қалған жеті өңірде бірен-саран орындалып жатыр. Олар: Астана, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары",- деді министр Үкіметтің отырысында.

Одан бөлек, Қасымов басқа өңірлердің әкімдерінен осы мәселені шешуге назар аударуын сұрады.

Ол бұл шешім полицейлердің жалақысын көтеріп қана қоймай, кадр құрамын жақсартуға оң әсерін тигізетінін айтты.

Сондай-ақ, министр қазіргі уақыттағы полициядағы сержанттар мен лейтенанттардың жалақысы туралы сөз етті.

"Бізде сержант 70-75 мың және одан көп алады. Кейінірек еңбек өтіліне байланысты аздаған пайыз қосылып отырады. Ал бірден лауазым иеленетін офицер 100-110 мың теңге алады", - деді ол.

Қасымов офицерлер айлықтарын еңбек өтілі мен лауазымдарына байланысты алатынын айтты.

"Біз жолда жұмыс істейтін полицейлердің деңгейін көтеріп жатырмыз. Енді жоғары білімі бар азаматтарды алмақпыз" , - деді Қалмұханбет Қасымов.

Ал сержанттық қызметке орта білімді қызметкерлер қабылданады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
2
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel