RU
Месси алғаш рет басты қарсыласы Роналдуды үздіктер қатарына қосты
Жаңалықтар Спорт

Месси алғаш рет басты қарсыласы Роналдуды үздіктер қатарына қосты

Рассказать Вконтакте

ФИФА жыл сайынғы марапаттау шарасының дауыс беру нәтижелерімен бөлісті. Оның барысында кімнің үздік футболшы ретінде қай ойыншыны таңдағаны белгілі болды. Биыл Лионель Месси өз таңдауымен көпті таңғалдырды. Ол үздік үштікке өзінің басты қарсыласы Роналдуды кіргізіп қойған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

"Барселонаның" шабуылшысы биыл үздікті анықтарда өз таңдауында қателеспеген.

Месси бірінші орынға Лука Модричті, екінші қылып Киллиан Мбаппені таңдаса, үшінші үздік футболшы деп Криштиану Роналдуды санаған.

Көпшілік аргентиналық футболшының баяғыдан келе жатқан қарсыласын үздік үштікке кіргізгеніне таңғалды.

Ал португалиялық футболшы болса өз кезегінде бірінші орынды Рафаэль Варанға берсе, екінші мен үшінші орынға Модрич пен Антуан Гризманнды орналастырған.

Айта кетейік, Роналду мен Месси жыл сайынғы марапаттауға 11 жылда алғаш рет екеуі де келуден бас тартқан.

ФИФА бұл жағдайды назарсыз қалдырмай, жұлдызды ойыншыларды сынап тастады.

Естеріңізге сала кетсек, жылдың үздік футболшысы болып Лука Модрич марапатталынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel