RU
"Адамдарды қорғап жүретін": Көз жұмған тілшінің ағасы ол туралы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

"Адамдарды қорғап жүретін": Көз жұмған тілшінің ағасы ол туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Астанада қарақшылар қолынан қаза тапқан журналист Ирина Бекетованың ағасы ол туралы естеліктерімен бөлісіп, балаларына кім қамқор болатынын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Facebook / Ирина Бекетова

Фото: Facebook / Ирина Бекетова
Source: UGC

"Ол өте жақсы адам, қамқор қыз болды. Ата-анасына көп көмектесетін. Жақында анамыздың туған күні болды, Ирина сыйлаған гүлдер терезенің алдында әлі тұр...

Мектепте де, университетте де өзінің мықтылығын көрсететін. Ешқашан әділетсіздікке төзбей, адамдарды қорғап жүретін.

Мүмкін сол күні қарақшыларға шамасы келгенше жауап қайтарып, қарап тұрмаған шығар. Біз қылмыскерлердің барынша қатал жазаға тартылғанын қалаймыз", - дейді Берік Мақсұтов.

Беріктің сөзінше, Иринаның жетім қалған төрт баласы енді ағаларымен бірге тұруы мүмкін.

«Біздің басқа бауырымыз жоқ. Балалар енді менің қолымда қалатын шығар. Оларды өз қамқорлығымызға алуға өтініш береміз. Ира балаларды қатты жақсы көретін.

Оның тұңғышына аяғы ауыр кезде дәрігерлер баласы мүгедек туылуы мүмкін екенін айтты. Бірақ ол ештеңеге қарамастан баланы босанып, үнемі соған қарап жүретін. Біз қолымыздан келгенше көмектестік",- дейді ол.

Иринаның ағасы айтқандай, балалардың әкесі Ресейде екен. Марқұмның отбасы оның нақты мекен-жайын да білмейді.

Ирина Бекетова Қарағанды облысында дүниеге келген. Ағасының айтуынша, 1990 жылы олар отбасымен Қарағандыға, кейінірек Алматыға көшкен. Оңтүстік астанада ол ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Соңғы уақытта Астана қаласында тұрып, ұзақ жылдар "Қазақстан теміржолшысы" басылымында еңбек еткен ол жақында ғана NUR.KZ редакциясына ауысты.

Журналистің жерлеу рәсіміне қаржылай көмек көрсетемін деушілер ағасының еспшотына ақша аудара алады.

Kaspi Gold 5169 4931 5050 7674

Berik Maxutov

Мастер кард

Максутов Берик Джолдасбекович

ЖСН 791119300439

Тел. 8 701 220 28 42

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel