RU
Алматы облысында оқушы 71 жастағы кейуананы соққыға жықты деп күдіктелуде
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында оқушы 71 жастағы кейуананы соққыға жықты деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 71 жастағы кейуана жасөспірім қыздан таяқ жегенін айтып, жанайқайын жеткізді. Кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала әжейдің бас сүйегін сындырды деген күдікке ілініп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Скриншот КТК арнасы

Скриншот КТК арнасы
Source: UGC

Саяжайда болған оқиға Қалышбике Айымбетованың ауласына кіріп кеткен ірі қарадан басталыпты.

Зейнеткер көршісінің қызына ауласына кірген сиырын алып кетуін ескертіпті. Алайда айтқанынан нәтиже шықпаған соң малды өзі қуып шыққан. Ал шарбақтан шыққан кезінде соққыға жығылыпты.

8 баланы дүниеге әкеліп, 15 немере мен үш шөбере сүйіп отырған ананың ойына оқушыдан таяқ жеймін деген тіпті келмеген.

Айтуынша, өзін соққыға жыққан жасөспірім таспен ұрып, үстіне мініп, екі аяғымен отырып алған. Салдарынан аузындағы салмалы тісі де шығып кетіпті. Ал ағып жатқан қанның тіпті қайдан шығып жатқанын білмепті.

Оқушы қыздан әжейді көршілері ажыратып алған. Оқиға куәгері Дінмұхамед Өтемісовтің сөзінше, ол аузы, қолы қанға боялған кейуананы көріп, жас қыздың әрекетіне күйінген.

Ақ халаттылар зардап шеккен әжейдің басынан қатты жарақат алып, миы шайқалғанын анықтаған. Зейнеткердің қазір жағдайы ауыр. Ауруханадан шыққаннан кейін де кейуанаға ми жарақатына байланысты ерекше күтім керек екен.

Ал ақ жаулығы желбіреген ананы ұрды деген жеткіншектің ата-анасы қыздарының мұндай жаға ұстатарлық жайтқа барғанына сенбей отыр.

Дегенмен қыз балаға қатысты "Денсаулыққа қасақана зиян келтірді" деген баппен қылмыстық іс қозғалған. Арудың кәмелет жасқа толмағанын ескерсек, оның тек ата-анасы ғана айыппұл арқалуы мүмкін.

Дереккөз КТК арнасы

Назар аударыңыз! Видеоны жасы 18-ге толмаған және жүйкесі жұқа адамдарға көруге кеңес берілмейді!

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel