RU
Кенжебек Жанәбілов ұлын "мылқау болады" дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кенжебек Жанәбілов ұлын "мылқау болады" дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов ұлының енді сөйлемейтініне сенімді болған жандарға жауап берді. Өз парақшасына сайрап тұрған баласының видеосын жүктеген әнші бұл әрекетімен ұлының енді мылқау болатынын айтқан жандардың қателескенін жеткізген деп жазады NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов өз парақшасына сөйлеп тұрған жеткіншектің видеосын жүктеп, көпшілікпен өз қуанышымен бөлісті.

Аталмыш видеожазбада әншінің баласы әкесіне математика мен қазақ тілі пәндерінен бес алғанын айтып жатқаны көрініс тапты.

"Осыдан біраз жыл бұрын ем алып жүргенде, досым үйіне қонаққа шақырып, сол жерде көріпкел-сымақ үлкен кісі аңдамай сөйлеп, "сенің балаң мылқау болады, босқа сандалма" деп менің жүрегіме ауыртпалық салып еді!
Аллаға шүкір баламыз бүгінде осындай нәтиже көрсетуде! Адам емес "Алла" білуші!Ешқашан еш нәрседен үміт үзбеңіздер!" , - деп жазған әнші.

Анықталғандай, белгісіз көріпкел Кенжебек Жанәбіловке баласының айығып кетпейтінін айтып, бекер әуреленбеуге кеңес берген.

"МузАрт" әншісінің отбасындағы бұл қуанышына көпшілік қауым ортақтасып, өздерінің игі тілектерін білдірді.

"Алла шипасын берсін. Сізге тартсын ұлыңыз"
"Жұлдызы жарқыраған азамат болсын. Әлі-ақ сайрайтын болады"
"Аға бәріміз тілектеспіз. Небір алаяқтардың сөзіне мән бермеңіз. Балаңыз бұйыртса бұдан да жақсы сөйлейтін болады" , - деп жазуда оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
0
40
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel