RU
"Айлықты өзі алады": Түркістан облысында балабақша басшысының былығы әшкере болды
Жаңалықтар Қоғам

"Айлықты өзі алады": Түркістан облысында балабақша басшысының былығы әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы "Айсəуле" мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі қарамағындағыларға қыр көрсетіп, онымен қоймай түрлі құйтырқы әрекеттерге жол беріп келген. Бөбекжайдағы қызметкерлер жемқорлық пен қызметін асыра пайдаланушылықтан қажығандарын алға тартты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысында жатақхана меңгерушісінің былықтары әшкере болды

"Айсәуле" балабақшасы. Фото: nur.kz

"Əр қызметкер 2-3 адамның жұмысын істейміз. Бірақ бір ғана қызметтің айлығын аламыз.

Есесіне қайын атасын құжатпен ресми жұмысқа рəсімдеп қойып, 2-3 жылдан бері айлығын өзі алып отыр.

Наразылық танытқандарға меңгеруші "Ұнамаса кетіңдер! Ақша жоқ!" деп айқайлайды. Жалақымыз 30-33 мың теңге. Ауылда басқа жұмыс болмағасын, біз үшін бұл үлкен сома боп тұр.

Кіріптармыз жалақыға байланысты. Бірақ меңгерушінің заңды белден басқанына шыдау енді мүмкін емес", - дейді "Айсəуле" мемлекеттік балабақшаның күзетшісі Нұрғали Жартаев.

Аядай ғана "Момынай" ауылында орналасқан мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі қарамағындағылардың жалақысын "жеп", бармақ басты көз қыстымен талай қаржылық шикіліктерге жол беріп келген. Осылай деп шырылдаған балабақша қызметкелері бұл мəселемен талай есікті тоздырғандарын айтады.

"Ауылды жер болғасын үндемей-ақ келдік. Дау дамай шығарғымыз келмеді. Бірақ басынып барады.

Аспаздарға дейін "безсодержаниеге" шығарып жіберді. Олар Астанаға барып екі-үш ай жан бағып, жұмыс істеп келді. Ал меңгеруші болса, аспаздардың жалақысын өзі алып келген", - дейді балабақша күзетшісі Нұрғали Жартаев.

Бүгінде "Айсəуле" балабақшасының меңгерушісі денсаулығына байланысты ем қабылдауда екен.

"Тамыздың 20-сына əкелінген "больничный" қағазы бар бізде. Ол əлі жабылмаған. Табель толтыру кезінде байқағаным одан кейін ешқандай қағаз əкелінбеген. Меңгеруші əлі де сонда "больничныйда".

Мен бұл балабақшаға 2018 жылдың ақпан айында əдіскер ретінде жұмысқа орналастым. Бұл қызметке меңгерушінің өзі шақырған еді.

Ұжымдастардың сөзінен шетінен меңгерушінің былықтарын есіте бастадым. 20 мамырда "безсодержаниеге" кеткен тəрбиешінің мамыр, маусым айларындағы жалақысын меңгерушінің өзі алып келгенін байқадым.

Сондай ақ, балабақшаның санитарлық жағдайына да меңгерушіміз өте салғырт қарайтын", -дейді "Айсəуле" мемлекеттік балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Зульфия Жолтаева.

Мемлекттік балабақшаның меңгерушісі еңбек демалысына немесе "больничныйға" шығып кетіп, даулы мəселенің сағыздай созылуына сеп болып жүр екен.

"Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында балабақшадағы былықтардан əбден қанық болған Парламент мəжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова осынша уақыт мәселенің шешімін таппаған жергілікті шенеуніктерге шүйлікті.

"Жағдайды ушықтырып, шағымданушыларды шырылдатып осынша уақыт созып келгендеріңізге қарағанда, мүмкін меңгерушіні "крышовать" ететін шығарсыздар?!

Тексеру жұмыстары жүріп жатқан уақытта балабақша меңгерушісін қызметтен шеттету керек", - деген депутат ханым бұл даудың барысын жеке өзі қадағалайтынын айтты.

Тіпті оңтүстіктің жауаптыларына сенімсіздік танытқан Қазбекова ханым есімхатын арызданушалырдаң қолына өзі ұстатты.

"Меңгерушінің "больничныйда" болғаны себепті қазір міндетін атқарушы жұмысын жалғастыра береді. Ал қаржылық құйтырқылықтардың орын алғаны не алмағаны туралы құзырлылар, Мемлекеттік кірістер Департаменті арнайы тексеру жүргізіп, анықтай жатар", - деді "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалы басшысының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
4
9
3
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel