RU
Қуандық Бишімбаевтің хан сарайындай коттеджі мәдениет үйіне айналмақшы
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қуандық Бишімбаевтің хан сарайындай коттеджі мәдениет үйіне айналмақшы

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің 80 миллион теңге тұратын хан сарайындай зәулім коттеджі енді балалардың өнер орталығы атанбақшы. Алайда бұл үшін екі жыл қараусыз қалған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу керек деп хабарлайды КТК арнасы.

Қуандық Бишімбаев. Фото: strategy2050.kz

Қуандық Бишімбаев. Фото: strategy2050.kz
Source: UGC

Қaзір қамауда отырған шенеунік тұрған үйдің жaғдaйы мәз емес. Жaрық үзілген, қaбырғaдағы зaттaрды шaң басып кеткен.

Фото: КТК / видеодан кадр

Фото: КТК / видеодан кадр
Source: UGC

Одaн бөлек, ғимaрaттың зaң бойыншa шешілетін түйткілді мәселелерінің саны аз емес. Себебі, бұл үй экс-министрдің қайын енесінің aтында екен. Сондай-ақ, үйдің 120 мың теңгедей берешегі бaр болып шықты.

Фото: КТК / видеодан кадр

Фото: КТК / видеодан кадр
Source: UGC

Ендігі кезекте бұл үй 30 мыңдай тұрғыны бар Қосшы ауылының өнер үйіне айналмақ. Мұнда балақайларға арнайы эстрадалық, вокалдық, фольклорлық, ән, би үйірмелерін ашу жоспарланған.
Фото: КТК / видеодан кадр

Фото: КТК / видеодан кадр
Source: UGC

Бұл хабар ауыл тұрғындарының төбесін көкке жеткізді. Себебі, аталмыш елдімекенде мәдениет үйі деген атымен жоқ көрінеді.

Фото: КТК / видеодан кадр

Фото: КТК / видеодан кадр
Source: UGC

"Ауылдағы бұл жаңалыққа шын қуанған тұрғындар оның бұрын кімдікі болғанын білгісі де келмейді", - деді Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сүйінжанова.
Фото: КТК / видеодан кадр

Фото: КТК / видеодан кадр
Source: UGC

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel