RU
Астанада 10-қабаттан құлап кеткен баланы көршісі қағып алған
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 10-қабаттан құлап кеткен баланы көршісі қағып алған

Рассказать Вконтакте

Астанада баласын 15 минутқа үйде жалғыз тастап кеткен ана одан айырылып қалуға сәл-ақ қалды. Терезеден құлап бара жатқан төменгі қабаттағы көршісі қағып алған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Терезе алдында құлайын деп тұрған баланы құтқаруға барлығы жабылыпты. Оқиға орнына тіпті, пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері де келіп жеткен.

Олар жерде баланы қағып алу үшін көрпе жайып тұрғандарын айтады. Себебі 10-шы қабатқа көтерілгенше барлығы кеш болуы мүмкін еді дейді олар.

Ал баланы бір өлімнен арашалаған Артём Карев балконға кездейсоқ шығыпты. Ол даладағы шуды естіп, не болғанын көрмек болған.

"Бірінші рет басымнан осындай оқиға өтті. Өзім орнығып тұрып алдым да, қолымды балаға создым. Ол 15 секунд асылып тұрды да, жерге қарай құлады.

3 метр биіктіктен маған жетемін дегенше оны қағып алып үлгердім.

Алғашында не болғанын өзім де түсінебей қалдым. Кейінірек ата-анам болған жағдайды естіп, өз өміріме қауіп төндіргенімді айтып жатыр. Себебі биіктіктен құлаған адамды қағып жатқанда өзім де сол күшпен жерге қарай құлап кетуім мүмкін екен.

Бірақ ол жерде маған ойланып тұратын уақыт болмады", - дейді Артём Карев.

Журналистер баланың мұндай жағдайға қалай тап болғанын білмек болып оның есігін қаққанымен, ешкім жауап бермеген.

Артёмнің айтуынша, шамамен 7 жастағы бала далада ойнауға шыққысы келіп, жылы киініп алған. Алайда есікті анасы құлттап кеткендіктен, терезе арқылы шығамын деп ойлаған екен.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel