RU
"Тағы да понт": Қайрат Нұртас өз қылығы үшін оқырмандарынан оңбай сөз естіді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Тағы да понт": Қайрат Нұртас өз қылығы үшін оқырмандарынан оңбай сөз естіді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас желіге өзінің көлікте отырған видеосын жүктеп көпшіліктің сынына ұшырады. Отандық танымал әншінің оқырмандары оны асқан мақтаншақтығы үшін сөккен деп жазады NUR.KZ.

Өзінің Instgaram парақшасына жариялаған видеосында Қайрат Нұртас көлікте әйгілі "Титаник" әуенін тыңдап отырғаны көрсеткен. Алайда бейнежазбаны түсіруші адам бар назарды әншінің қымбат сағатына аудартқаны байқалады.

Қайта-қайта сағатын көрсетпек болған Қайрат Нұртас желіде өз оқырмандарынан сөз естіп тынды.

Көпшілік шоу-бизнес жұлдызының қылығын мақтаншақтық пен тәккапарлық деп таныған.

Ашуға бой алдырған желі қолданушылары өз ойын жасыра алмай, бар пікірлерін жазбаның астына жаудырған.

"Тағы да понт қой, сонша мақтанып не болды?"
"Есіріп, тағы да мақтанып отыр ғой. Бар екен байлығыңыз білдік"
"Тым асыра мақтаншақтық сізге жараспайды да"
"Қайық жетіспей тұр саған. Нағыз Титаник боласың сол кезде" , - деп жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
3
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel