RU
Екі апта бойы іздеуде болған қарағандылық әйел тас жолдан табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Екі апта бойы іздеуде болған қарағандылық әйел тас жолдан табылды

Рассказать Вконтакте

Полиция 9 қыркүйек күні жоғалған 30 жастағы қарағандылық Альфия Хакимованы тапты. Ол Қарағандының шетіндегі тас жолды кезіп, есін дұрыс білмеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Альфия Хакимова. Фото: Туыстарынан

Альфия Хакимова. Фото: Туыстарынан

Әйел адам Пришахтинск ауданындағы тас жолда ешқандай ойсыз жүре беріпті. Киров ауданының Ішкі істер бөлімі полицейлері оны тоқтатқан кезде, Альфия өзінің қайда бара жатқанын, екі апта бойы қайда болғанын айтып бере алмаған. Полицейлер оны үйге әкелді. Альфия аяғын мақта сияқты сезінетінін айтты" ,- дейді кіндік шешесі Елена.

Анықталғандай, Альфия мұндай күйзеліске ажырасқан соң түскен көрінеді. Жанұясы келіншекті психологқа апаруды жоспарлаған екен.

"Ажырасу оның психоэмоциялық жағдайына кері әсер еткен. Ол үшін ешқандай қызық жоқ, өмірге деген қызығушылығын жоғалтқан. Біз оны жақсы көреміз және бұрынғыдай көңілді әрі тартымды болғанын қалаймыз", -дейді кіндік шешесі.

Үйде екі апта болмаған кезінде оның қызы 13 жасқа толған. Бүлдіршіннің ең басты тілегі анасының табылуы болған екен.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Альфия төлқұжатын алып, сұхбаттасуға кеткен. Содан бері одан еш хабар болмаған еді. Бұрынырақ ол өз туыстарына кулинарияда жұмыс істейтінін айтыпты. Алайда ондағы қызметкерлер Альфияны танымайтынын жеткізген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel