RU
Астанаға көлікпен кіру енді ақылы болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Астанаға көлікпен кіру енді ақылы болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Астанаға таңғы уақытта көлікпен кіру ақылы түрде болуы мүмкін деп хабарлайды Елорда Инфо.

Көрнекі фото: popmech.ru

Көрнекі фото: popmech.ru

Жоспар бойынша ақылы жол жүру тек таңғы 7 мен 9 аралығына жүзеге асырылуы мүмкін. Ал күндізгі уақытта жүру үшін ақы төленбейді дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.

Әкім орынбасарының сөзіне сүйенсек, аталмыш ереже таңғы уақыттағы көлік кептелісімен күресуге сеп болады.

Оның пікірінше, жүргізушілер ақылы уақытқа қалмас үшін орташа жүру жылдамдығын 15-20-ға дейін арттырады.

Басшы мәлімдемесінен кейін белгілі болғандай, Астанаға жан-жақтағы магистральдар арқылы күнделікті 82 мың көлік ағылады екен. Оның 17 пайызы, яғни 13 500 көлік бас қалаға таңғы уақытта кіруге асығады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel