RU
Головкинді атағынан айырған Альварестің табысы азайып қалды
Жаңалықтар Спорт

Головкинді атағынан айырған Альварестің табысы азайып қалды

Рассказать Вконтакте

2018 жылғы бокс әлеміндегі үлкен оқиға - Головкин мен Альварес жекпе-жегі екі спортшыға да ауыр соққы алып келгені жасырын емес. Vesti.kz басылымы боксшылардың қаржысын есептей келе, GGG "Канелоның" қалтасын қақты деген тұжырымға келді.

Фото: sport.ua

Фото: sport.ua

Алдымен жекпе-жектің өзінен қанша қаржы түскені есептелген.

Билеттер сатылымы шамамен 23,5 миллион доллар болып, өткен жекпе-жекпен салыстырғанда 4 миллионға аз түскен. Ондағы жиынның өтуіне кеткен шығындарды алып тастағанда, боксшылар кассасында 21 миллионнан көбірек ақша қалады.

Бұл жолы ақылы көрсетілімнен тағы да 84,95 миллион доллар түскен.

Операторлар еңбекасы мен НВО телеарнасына кеткен шығынды алып тастасақ, екі боксшыда 61,6 миллион доллардан қалады. Бұл 2017 жылға қарағанда 4 миллионға азырақ.

Сондай-ақ, басылым көрсетілімге рұқсат беруден түскен қаражатты да есепке алды. Қорытынды нәтиже 64 миллионға 636 мың долларға жеткен.

Айта кету керек, 10 миллион боксшылардың кепілді гонорары. Яғни, әр қайсысы 5 миллионнан алады.

Қалған соманы келісім бойынша 55% және 45% етіп бөлген. Оның көбірек бөлігі мексикалық спортшыға тиесілі. Ал олар алған қаржысын өз промоутерлерімен келісілгендей етіп таратқан.

Нәтижесінде, "Канело" 21,35 миллион доларға байыған. Бұл өткен жолғы кездесуден айтарлықтай аз қаржы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel