RU
Қатты қартайып кеткен Моника Белуччи өз жанкүйерлерін шошытты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қатты қартайып кеткен Моника Белуччи өз жанкүйерлерін шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Италияда өткен сән апталығында Dolce&Gabanna көрсетілімінің шымылдығын ашқан Моника Белуччи қалың көпшілікті таңғалдырды. Пластикалық хирургияның көмегіне өмірінде жүгініп көрмеген актриса өзінің еш бояусыз табиғи сұлулығын жұрт назарына паш етті деп жазады NUR.KZ.

Фото: woman.ru, Коллаж: NUR.KZ

Фото: woman.ru, Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Танымал актриса ұзақ уақыт бойы, тіпті әлі де талай қыздың сұлулық эталоны болып саналуда.

Бойжеткендер Моника Белуччиге ұқсағысы келіп, оған үлкен еліктеушілік танытады.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru
Source: UGC

Алайда осы жылғы италиялық сән апталығында келбетімен көпті "шошытып" алған әлемдік жұлдыз ел талқысына түсті.

Сән әлемінің өкілдері жасы 53-ке келген актрисаның шынайы қартаю көрінісінің куәгері болған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru
Source: UGC

Моника Белуччидің жаңа суреттері желіге тарап, көпшіліктің көңілін түсірген. Жұртшылық кезінде әлемнің ең сұлу әйелі саналған актрисаның да уақытқа тәуелді екеніне көз жеткізді.

Өзіне бағытталған мыңдаған камералардың жарқылдары Мониканың бетіндегі онсыз да байқалатын әжімдерін анығырақ көрсеткен.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru
Source: UGC

Айта кетейік, актриса өмірінде пластикаға жүгінбей, оталарды жасатпайтынын жеткізген болатын.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru
Source: UGC

Табиғи сұлулыққа ешкімнің қолын тигізгісі келмейтін ол ешқандай өзгеріс енгізуге болмайды деген тұжырымды ұстанады.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru
Source: UGC

Оның желіде тарап кеткен суреттеріне:

"Уақыт ешкімді аямайды. Мониканың да дәурені аяқталды деген осы болар", "Неге ота жасатқың келмейді. Ақшаң да бар. Жасарып қаласың ғой", "Моника өтінем, қартайма. Сенің сұлулығына кәсіби хирург жасарту енгізсе болғаны"

"Косметологияда тұрған не бар. Бәрі жасатып жүр ғой түрлі екпелер", "Қанша қартайғанмен оның сұлулығы сол қалпында, тек жасы ұлғайған сайын түрі де есейіп барады"

"Миллиндаған қыздардың үлгі тұтар тұлғасы қартаюда. Сене алмаймын, енді кімге қарап мін түзейміз? Өңкей жасанды қыздарға ма?" , - деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel