Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ жаңалықтарын қазақ тілінде енді 2 млн-нан астам адам оқитын болды

Опубликовано:

Күн сайын сайтта қазақ тілінде 80-нен астам материал жарық көреді. Әлемде, елімізде және өз өңіріңізде болып жатқан ең маңызды жаңалықтарды сіз мемлекеттік тілде оқи аласыз.

"Біз өз аудиториямызды жақсы білеміз. Орыс тіліндегі материалдар мен қазақ тіліндегі мақалалардың оқылымын зерттеп, салыстыра отырып, өз оқырмандарымыздың сұранысын барынша өтеу үшін жұмыс істейміз.

NUR.KZ порталының қазақтілді бөлімінде жарияланатын контентті сіз порталдың орыс нұсқасынан оқи алмайсыз. Сондықтан, қазақ тілінде жарияланатын материалдар өзгешелігімен ерекшеленеді ", – дейді қазақ редакциясының басшысы Гүлназ Абдували.

NUR.KZ жаңалықтарын қазақ тілінде енді 2 млн-нан астам адам оқитын болды
NUR.KZ қазақ редакциясының басшысы Гүлназ Абдували: UGC

NUR.KZ порталындағы қазақтілді материалдарды Алматы (оқырмандардың 25%) мен Астана (15%) тұрғындары көбірек оқиды.

Сонымен бірге, жаңалықтарымыз еліміздің оңтүстік (9%) және батыс бөлігінде де (6%) анағұрлым белсендірек оқылады.

"Біз әу бастан оқырманымызға айрықша контент ұсынуды мақсат еттік. Мақалаларды тек халық үшін жазамыз деген ой болды», - дейді Гүлназ.

2018 жылы біз қазақ тіліндегі жаңа жобамызды елге ұсындық. Жобамыздың атауын да айрықша етіп, Oybay Life деп таңдадық.

Танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаев жүргізетін бұл шоуға еліміздегі белгілі тұлғалар қатысып, ең өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Бағдарлама барысында олар бұған дейін еш жерде айтпаған жан сырын ақтарып, шоу бизнестегі түрлі жайттармен бөліседі. Тіпті олардың көзіне жас алатын сәттері де жоба барысында аз болмады.

Сәтті шыққан жобалардың біріне айналған шоуды халық та жылы қабылдады. Танымал сынықшы Айнұр Асқарқызы қатысқан шығарылым жобаның ең көп талқыланған санына айналды.

Қазақтілді аудитория - өте талапшыл, сонымен бірге, аса белсенді. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдегі сапалы контентке деген сұраныс күннен күнге артып келе жатқанын байқауға болады.

Оқырмандар қарапайым адамдардың басынан өткен қиындықтары, өз өңірінің проблемалары мен жетістіктері туралы көбірек оқығысы келеді.

Мәселен, әлдебір әкімнің қымбат мейрамханада аста-төк той жасап, кейіннен осы үшін жауапкершілікке тартылғаны оқырманның назарын аудартпай қоймайды.

Қазақтілді контенттегі осындай қажеттіліктерді ресейлік алып ақпарат агенттіктері де өтей алмасы анық.

Сондықтан, біздің мақсатымыз - ел арасындағы көкейтесті жаңалықтарды тарату жөнінен алдыңғы қатарлы басылымға айналу.

Еліміздің әр өңірінен тілшілерді жасақтау секілді аса перспективалы бағытты дамытумен порталдың шеф-редакторы Ақырыс Сейітқазы айналысады.

"Мен өңірлердегі мақала авторларымен жұмыс істеймін. Бізге көптеген дарынды жастар материалдарын үздіксіз жолдап отырады. Мақсатымыз – еліміздің әр аймағынан мықты авторлардан тұратын топ жасақтау. Біз үшін аймақтардан маңызды жаңалықтар таратып отыру маңызды.
Сондықтан жарияланған әр материал үшін міндетті түрде ақы төлейміз. Егер жазуға икеміңіз болса, сонымен бірге өз өңіріңіздегі өзекті проблемаларға бей-жай қарай алмасаңыз, материал жазып, оны editor@corp.nur.kz поштасына жолдаңыз», - дейді Ақырыс.
NUR.KZ жаңалықтарын қазақ тілінде енді 2 млн-нан астам адам оқитын болды

Өңірлік контентті қалыптастырып, оны дамыту жөнінде жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес.

Қазірдің өзінде біз Қазақстан бойынша қазақтілді аудиторияның ауқымды бөлігіне ие болып отырмыз.

Тек қана тамыз айында NUR.KZ порталының қазақтілді бөліміне 2 млн-нан астам қолданушы кірген.

Бізде жарияланған материалдар аймақтардағы проблемалы мәселелердің шешімін табуға өз септігін тигізетінін де айта кету керек.

Портал бетінде көтерілген өзекті тақырыптар шешіліп, талай мәрте көптеген оң өзгерістер орын алғаны рас.

Биліктегілерді еліміздің шалғай елдімекендерде орын алып жатқан түрлі проблемаларға назар аудартып, ахуалды жақсы жағына қарай өзгертуге мәжбүрлейміз.

Ал оқырмандардан толассыз келетін алғысқа толы хаттар біздің бұдан да жақсы жұмыс істеуімізге түрткі болады.

NUR.KZ порталының жаңалықтарын еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқырмандарымыз ақпараттық қосымшаларымыз арқылы оқитынына көз жеткіздік.

Қазіргі күні үш миллионнан астам қазақстандық iOS және Android-қа арналған NUR.KZ қосымшасын өз смартфонына орнатып, қолдануда.

NUR.KZ жаңалықтарын қазақ тілінде енді 2 млн-нан астам адам оқитын болды

Әлеуметтік желілердегі топтарымыз қазақ тіліндегі ең ірі байланыс алаңына айналып отыр.

Орта есеппен барлық әлеуметтік желідегі оқырмандарымыздың жалпы саны жарты миллион қолданушыға жетіп отыр. Ал біз бізге сенім артатын тұрақты оқырмандар санын арттыру түсу үшін жұмыс істеуді тоқтатпаймыз.

Facebook-та жаңалықтарды оқу>>

VK-да жаңалықтарды оқу>>

Латын әліпбиі: ары қарай не болмақ?

Алдағы уақытта еліміз латын әліпбиіне көшпек. Бұл біз бен біздің оқырмандарымыз үшін үлкен өзгеріс болғалы тұр.

Жалпы алғанда аталған өзгеріс коммерциялық көрсеткіштерге, контенттің түрлі платформалардың трафиктері мен дистрибуцияларына оң әсерін беруі керек.

NUR.KZ жаңалықтарын қазақ тілінде енді 2 млн-нан астам адам оқитын болды

"Қазір біз NUR.KZ порталына қатысы жоқ алаңдарда тест жүргізіп жатырмыз. Дәстүрлі редакторлық метрикаларын да өлшеудеміз. Адамдар мәтінді латын әліпбиімен қалай оқитынын тексеріп жатырмыз. Біз жаңа әліпбиге көшуге дайындық үстіндеміз", - деді NUR.KZ порталының бас директоры Қуат Бахридинов.

Қазіргі уақытта қазақ редакциясында 20 адам жұмыс істейді, бірақ біз топ жинауды жалғастыра береміз.

Өз түйіндемеңізді cv@corp.nur.kz электронды поштасына жібере аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754743-nurkz-zaalyktaryn-kazak-tilinde-endi-2-mln-nan-astam-adam-okityn-boldy/

pixel