RU
Алматы облысында куәлігінен айырылған шенеунік көлік айдап жүріп, ұсталып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында куәлігінен айырылған шенеунік көлік айдап жүріп, ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімшілігінің аппараты басшысы Сұлтан Исламов жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік басқарып жүрген деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: windowssearch-exp.com

Көрнекі фото: windowssearch-exp.com
Source: UGC

Бірнеше жыл бұрын Исламов полицейлердің қолына түскен. Сол кезде оның мас күйінде көлікке отырғаны қоғамда үлкен дау тудырған еді.

Ақырында әкімшілік қызметкері жүргізушілік құжатынан үш жылға, яғни, 2018 жылдың 28 желтоқсан айына дейін айырылған болатын.

Алайда, жақында анықталғандай, бұл факт мемлекеттік қызметкерге осы уақыт аралығында рөлге отыруға еш кедергі бола қоймаған көрінеді.

Бұған дәлел, тәртіп сақшылары жақында жүргізген рейдінде Nissan X-Trail көлігінін тоқтатыпты. Автомобильдің рөлінде Сұлтан Исламовтың өзі отырған екен.

Тәртіп бұзушыға полицейлер әкімшілік хаттама толтырған.

Бұл іс облыстық Этика кеңесінде қарастырылыпты. Кеңес мүшелері шенеунікке қатаң сөгіс жариялауды ұсынған екен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel