RU
"Канелоға" тойтарыс бере алмаған Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті
Жаңалықтар Спорт

"Канелоға" тойтарыс бере алмаған Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлермен кездесті. Олар боксшының алдағы жоспарлары туралы сөйлескен деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: instagram / gggboxing

Фото: instagram / gggboxing
Source: UGC

Леффлердің айтуынша, GGG-дің өткен оқиғадан, әсіресе төрешілер әділдігінен біраз көңілі қалған.

"Геннадий біраз үзіліс жасап, барлығын ойланып алуы керек. Ол енді қашан жекпе-жекке қайта шыққысы келетінін айтпады", - дейді промоутер.

Том Леффлер Головкинді жыл соңына дейін рингтен көруге үміт артпайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол "Канеломен" үшінші кездесу турасында да қазақстандық боксшының пікірін білген.

"Екінші жекпе-жектің қорытындысы өткен жылғы жекпе-жектен де қатты дау тудырды. Себебі осы жолы Геннадий шынында өз атағынан айырылып қалды", - дейді Леффлер.

Айта кетейік, осыған дейін Головкин мен Альварес жекпе-жектен қанша табыс тапқаны мәлім болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel