Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобынан ренжіп кеткенін жайып салды

Опубликовано:

"Меломен" тобында жүріп халыққа танылған Жігер Ауыпбаев өзінің неліктен жеке әншілікке бетбұрғанын айтты. Әнші өзінің төрттіктен не үшін кеткені жайлы шындықтың әлі күнге беті ашылмағанын мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

"Меломен", Ауыпбаев. Фото:NUR.KZ, әншінің Instagram парақшасы
"Меломен", Ауыпбаев. Фото:NUR.KZ, әншінің Instagram парақшасы: UGC

Алматы арнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасына ағынан жарылған әнші "Меломендегі" үш жігіттің айтатын жауаптарын да білетінін жасырмады.

"Өздері айтып та жатыр. Бірақ мен тіс жармадым. Бірақ, ақиқаты, не жағдай болғаны ашық айтылған жоқ. Ол кісілердің "Өзінің кеткісі келді, жеке шыққысы келді" дегенін естіп, көріп жатырмын. Бірақ олай емес. Расын айтайын, ренжіп кеттім", - деді Ауыпбаев.

Сондай-ақ әнші "Меломен" тобымен тойларда кездесіп қалса, тек амандық-саулық сұрасатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754786-ziger-auypbaev-melomen-tobynan-renzip-ketkenin-zajyp-saldy/

pixel