RU
Желіде үстіне аруды отырғызып алған полицейлер қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Желіде үстіне аруды отырғызып алған полицейлер қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Елордалық полицейлер қызықты челендж бастады. Ереже бойынша олар кеуделерін жерден көтеріп, белгілі бір аралықты жүгіріп өтуі керек. Оқ өтпейтін кеудеше киген тәртіп сақшылары бұл әрекеттерді мүдірмей істеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Челлендж видеосын Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина өз Facebook парақшасында жариялаған.

Бейнежазбада Астана полицейлері ЭКСПО ғимараты аумағында кеуделерін жерден көтерген. Олардың қатарындағы біреуі, тіпті, арқасына бір қызды отырғызып алған екен.

Елорданың тәртіп сақшылары эстафетаны Алматының Ішкі істер департаментіне жолдады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel