RU
Бизнес-классқа отырғысы келген жолаушы ұшақты жарамын деп елдің зәресін алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бизнес-классқа отырғысы келген жолаушы ұшақты жарамын деп елдің зәресін алды

Рассказать Вконтакте

Новосибирск - Баку бағытында жолға шыққан азамат жолсеріктерге бизнес-классқа отырғысы келетінін айтқан. Олар жолаушының қалауын қанағаттандырмаған соң, ол ұшақты жарамын деп қорқытыпты. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Oxu.az

Көрнекі фото: Oxu.az

Ішкі істер басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, тәртіп сақшыларына "Толмачево" әуежайынан жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер 51 жастағы жолаушыны тексеріп, оның ешқандай жарылғыш зат ұстамағанын анықтады. Азамат Красноярск тұрғыны", - дейді ведомство өкілдері.

Полицейлер ұшаққа мінген жолаушылардың барлығын қауіпсіз жерге шығарып, жарылғыш заттың жоғына көз жеткізген соң ұшақ Бакуге қарай жол тартқан.

Ал елді дүрліктірген азамат бөлімшеге жеткізіліп, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel