RU
Қостанайда 18 жастағы қыздың өлімінен кейін екі полицейдің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда 18 жастағы қыздың өлімінен кейін екі полицейдің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облыстық Ішкі істер органы патрульдік қызмет бөлімінің екі қызметкері сот алдында жауап береді. Олар 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне қатысты істе өз қызметтеріне салғырт қарағаны үшін айыпталып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Дарья Махартова. Фото: Instagram/ mahortova_dasha

Дарья Махартова. Фото: Instagram/ mahortova_dasha

Облыстық сот бойжеткен қаза болған күні, яғни 20 шілдеде полицейлерге қылмыс орны туралы ақпарат келіп түскенін айтады.

Олар көрсетілген мекен-жайға барып, тексерісті тек көлік ішінде отырып жүргізген. Артынан тәртіп сақшылары оқиға орнынан кетіп қалыпты.

Ендігі кезекте полицейлер салғырттық танытпаса, қылмыстың алдын алуға болар еді деген болжам айтылуда.

Сот мәліметінше, келесі күні құқық қорғау қызметкерлерінің бірі есепте ақпараттың расталмағанын, содан соң істің есептен шыққанын жазған.

Полицейлердің ісіндегі материалдарда көрсетілгендей, олар өз міндеттерін орындамаған, куәгерлер хабарлаған мекен-жайды дұрыс тексермеген. Ал тәртіп сақшыларының бұл салғырттығы бойжеткеннің өліміне алып келген.

Алғашқы сот отырысы 1 қазан күні өтеді. Айыпталушылардың жасы 24 және 38 жаста.

Айта кетейік, Затабольсктің 18 жастағы тұрғыны Дарья Махартованың жоғалғаны туралы оның туыстары айтқан болатын. 20 шілде күні ару кешке жүгіруге кетіп, содан қайта үйіне оралмаған.

Іздеу шараларына құқық қорғау органдары қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған болатын. Кейін қыздың азаптап өлтірілген денесі табылған еді.

Аздаған уақыт өткен соң екі күдікті ұсталып, артынша қызметтерін дұрыс атқармаған екі полицей де тұтқындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel