RU
Бақыт Сұлтанов 10-шы қабаттан құлаған баланы қағып алған азаматқа 500 мың теңге берді
Жаңалықтар Қоғам

Бақыт Сұлтанов 10-шы қабаттан құлаған баланы қағып алған азаматқа 500 мың теңге берді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлаған баланы ажалдан аман алып қалған Артем Каревті марапаттады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов пен Артем Карев. Фото: NUR.KZ

Бақыт Сұлтанов пен Артем Карев. Фото: NUR.KZ

Астана әкімдігіне жиналған қауым Артем Каревтің ерлігіне ризашылық білдірді. Ал бас кейіпкер өзін өте қарапайым ұстап, марапат кезінде қатты қобалжып тұрғаны байқалды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Адамды күнде құтқара бермейсің. Мен әлі не болғанын түсіне алмай тұрмын", - деді ол.

Көпшіліктің ортасына кіріп келген Бақыт Сұлтанов Артемнің қолын алып, оған алғысын айтты.

"Құрметті Артем Семенович, бұл мақтауға тұрарлық іс. Сіз халыққа үлгі болатындай әрекет еттіңіз. (...)
Мен өз атымнан және барлық әкімдік пен астаналықтардың аппаратының атынан сізге алғыс айтқым келеді. Бұл баға жетпес ерлік.
Астана тұрғындарының жақсы істерін біз назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сондықтан қордың атынан сізді марапаттаймыз деп шештік. Әрине құтқарылған бала өмірімен салыстырғанда бұл ешнәрсеге тұрмайды. Мүмкін сізді сол терезеге бір сәттілік жетелеген шығар.
Сіздің өміріңізде де сәттілік көп болып, ісіңіз алға өрлей берсін. Тағы да үлкен рақмет", - деді әкім.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Осыдан кейін салтанатты түрде марапат қағазы мен 500 мың теңгеге сертификатты тапсырды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астана әкімінен бұрын Артемді өздері тұратын Сарыарқа ауданының әкімдігі шақыртып, оған теледидар тарту еткен болатын.

Еске салсақ, Артем Карев 10-шы қабаттан құлаған алты жасар баланы қағып алып, оны ажалдан құтқарған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
31
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel