RU
Астаналық ару бағалы заттарды қолды ететін әккі ұрылардан көрген қорлығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық ару бағалы заттарды қолды ететін әккі ұрылардан көрген қорлығын айтты

Рассказать Вконтакте

Астаналық келіншек киім дүкеніне үнемі түсетін ұрылар түсетінін айтып, шағымданды. Айтуынша, қарақшылар сатушылардың қымбат телефондарын, бағалы сағат, киімдерді ұрлап кетеді екен деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: sochi-express.ru

Көрнекі фото: sochi-express.ru

Астаналық Айнұр есімді бойжеткен (авт. аты-жөні өзгертілді) өзінің киім сататын дүкеніне үнемі бір ғана ұрылардың түсетінін айтып шағымданды. Айтуынша, алғашында олар қымбат телефондарды қолды етсе, кейін бағалы сағат, тіпті күртешелерді ұрлауға көшіпті.

"Киім сататын дүкенге ұры биылғы жаздың алғашқы айларынан бастап түсті. Алғашында қымбат телефондарды қолды етсе, міне екі-үш күн бұрын тағы 100 мың теңгенің затын алып кетті. Ұрлықтың бәрі камераға түсіп қалған.

Яғни ұрлық жасамастан бұрын бір күн бұрын бейтаныс адам келіп, бәрін, қай жерде не тұрғанын көріп алады. Ертесінде екіншісі келіп, аз уақытта керек затын алып кетеді. Камерадағы жазбадан әккі ұрылар екенін бірден байқауға болады. Көзді ашып жұмғанша, қалаған заттарын алып кетіп қалады" , - дейді ару.

Сонымен бірге, осы ұрлық бойынша ішкі істер басқармасына талай мәрте арыз жазғанын мәлімдеді.

"Бірінші рет маусым айында жаздық. Сосын тергеушілер сатушыларды шақырып, бірнеше күдіктіні таныстырды. Біреудің жұмысын алалаған емес бірақ үнемі бір ұрлықшы келіп, заттарды алып кететініне күйінеді екенсің. Осы жолғы ұрлықшы да тура алғашқы қарақшы сияқты бір жолмен жүріп, қымбат сағат, былғары белбеулерді ұрлап кеткен.
Күдіктілердің видеосы да бар. Оның бәрін тергеушілерге тапсырдық. Ендігі айтарымыз - жақын арада істі созбай, ұрлықшыларды қолға түсірсе екен. Себебі, біздің пайымдауымызша, олар әккі қарақшылар, бәлкім біз сияқты талай адамның дүниесін ұрлап кеткен шығар", - деп әңгімесін аяқтады саудагер.

Аталған іске қатысты Астана қаласы ішкі істер департаментіне хабарласқанымызда, олар "іс қозғалғанын, күдіктілерді табуға қатысты шаралар жүргізіліп жатқандығын" мәлімдеді.

Сонымен бірге, құзырлы орган өкілдері бойжеткен түсірген шағым бойынша алдағы уақытта тағы да толыққанды жауап береміз деп сендірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel