RU
Аршавиннің бұрынғы әйелі балаларын бес жылдан бері іздемеген футболшыға күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Аршавиннің бұрынғы әйелі балаларын бес жылдан бері іздемеген футболшыға күйінді

Рассказать Вконтакте

Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі шу шығарып, халық алдында бұрынғы күйеуін айыптады деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аршавин мен Юлия Барановская. Фото: Life.ru

Аршавин мен Юлия Барановская. Фото: Life.ru

Футболшының бұрынғы сүйіктісі Юлия Барановская өзінің кітабында Андрейдің өзін үш баласымен жалғыз қалдырғанын, көзіне шөп салғынын айтып берді.

Ал желі қолданушыларының бірі Аршавинді балаларының әкесі болғаны үшін сыйлауын өтінген.

Юлия Барановская. Фото:cosmo.ru

Юлия Барановская. Фото:cosmo.ru

Шыдамы шегіне жеткен Барановская бар шындықты жайып салды.

"Сіз балаларының жағдайын бес жылдан бері бір рет сұрамаған адамды "әке" деуге лайықты деп ойлайсыз ба? Мұндай жағдайда ақталуға себеп те жоқ! Әке балаларға тек куәлікке тегін берумен шектелмеуі тиіс. Әке деген - ол үлкен жауапкершілік", - дейді күйінген келіншек.

Айта кетейік, танымал футболшы отбасына қатысты мәселелерге еш жауап қайтармаған.

Аршавин, Алиса Казьмина. Фото: news.rambler.ru

Аршавин, Алиса Казьмина. Фото: news.rambler.ru

Андрей Аршавин осыдан екі жыл бұрын Алиса Казьминамен некелескен болатын. Бүгінде олардың Есения есімді ортақ қыздары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel