RU
Түркістан облысында 26 жастағы жігіттің денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында 26 жастағы жігіттің денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Арыс ауданы Байтоғай елді мекенінде 26 жастағы ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz
Source: UGC

Таңғы сағат 7-лер шамасында төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне ер адамның суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Қазіргі уақытта үш жігіттің Байтоғайға балық аулауға келгені белгілі болды.

Су қоймасында қайықпен балық аулаған үшеудің біреуі өз алдына бөлектеніп кетіп, жолдастары 26 жастағы жігітті таппай қалған. Түнімен таппаған олар құтқарушыларға хабар берген.

Төтенше жағдайлар департаментінің 6 құтқарушысы іздеу жұмысына кірісіп, жоғалған жігіттің мәйітін тапқан.

Ол 1992 жылы туған Сарыағаш ауданының тумасы екендігі анықталды. Сондай-ақ балық аулауға шыққан үшеудің алкогольді ішімдік ішкені белгілі болған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel