RU
Қатерлі дертке шалдыққан ару өзін перзентханаға тастап кеткен анасына іздеу салды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қатерлі дертке шалдыққан ару өзін перзентханаға тастап кеткен анасына іздеу салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық бойжеткен Жадыра Бейітова өзін 26 жыл бұрын перзентханаға туып, тастап кеткен анасына іздеу салды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Тастанды қыз бүгінде екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Анасын өз күшімен он жыл бойы іздеп, нәтиже болмаған соң редакциямызға хабарласып көмек сұрады.

"Осы мақаланы оқыса, анам мені есіне алып, кездесетін шығар деп үміттенемін. Себебі, Ақтөбедегі құзырлы орган, перзентхана мен мұрағаттың табалдырығын тоздырып, он жыл бойы арыз, өтініш жаздым бірде - бір нәтиже жоқ. Себебі, анам мені Ақтөбе облыстық перзентханаға босанғанда аты-жөнін өтірік айтқан және қашып кеткен. Құжаттардағы жазбада мені туған әйел 18-19 жастағы бойжеткен, некесіз және тұрақты жұмысы болмаған екен. Есімін Мария Маратқызы Бейітова деп көрсеткен.
Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Ал мұндай есімді азаматша Қазақстанда жоқ. Мен оны сөкпеймін. Балалық пен қорқынышы болғандықтан сәбиін тастап кеткен шығар, кешіремін. Өмір бойғы арманым шешемді көру, бір рет құшақтау. Мені туған әйелдің тірі немесе өлі екенін анықтауға көмектесеңіздер" ,- деп жылады Жадыра Бейітова.

Туа сала тастанды атанған бойжеткеннің тағдыры да оңай болмаған. 2013 жылы тұрмыс құрып, тұңғышына аяғы ауырлаған кезде дәрігерлер оған "гепатит С" дертіне шалдыққанын айтқан.

"Анаңнан ген арқылы берілген" дейді дәрігерлер. 2013 жылы алғашқы сатысы еді. Емделуге қаржы болмады. Себебі, оның үш айлық дәрісінің өзі 1 миллион теңге тұрады. Не жұмысқа тұра алмаймын. Ақтөбе колледжіне барып едіп, мұндай диагнозбен оқуға қабылдамаймыз деп қайтарды.
Тіпті, екінші балама аяғым ауырлаған кезде күйеуім де тастап кетті. Саған ғашықпын, үйленемін дейтін жігіттердің өзі диагнозымды естігенде қашып кетеді. Мен ешкімді алдағым келмейді. Сондықтан да қандай дертке шалдыққанымды бірден ашып айтамын", - деп жан сырын ақтарды Жадыра.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ.

Қос құлынын құшақтаған келіншекке жергілікті билік уақытша тұратын баспана берген. Алайда, ауру ананың емделу түгіл жейтін тамағына, балаларына киім алуға қаржысы жоқ.

Осы орайда біз танымал экстрасеан Камрян Самедовтен жетім қызға анасын табуға көмектесуін сұраған едік. Көріпкелдің сөзінше, Жадыраның шешесі тірі.

"Жадыраның ана тірі, жасы біршамаға келген кейуана. Олар алдағы уақытта кездеседі. Бойжеткен анасын Батыс Қазақстанның ауылдарының бірінен іздеуі қажет. Анасы - аурушаң, аяғы қатты қақсағаннан, сылтып басады. Жадыра шешесін іздеймін деп жүріп өзін ұмытқан. Денсаулығы мәз емес. Өкпесі мен бауырын шұғыл емдету қажет", - деп болжады көріпкел.

Жадыра Бейітова қазіргі таңда балаларының қыстық киімі мен тамақтан таршылық көріп отыр.

Жас анаға қол ұшын берем деушілер үшін Каспий голд карточкасына 5169493131001672 қаржы аударуларына болады.

Ескерту: NUR.KZ порталының эксклюзивті материалдарын редакцияның рұқсатынсыз көшіруге, көшіріп басуға және қандай да бір мақсаттарда пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
31
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel