RU
Шар үшін өлтірген: Таразда 16 жастағы жасөспірім өліміне күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Шар үшін өлтірген: Таразда 16 жастағы жасөспірім өліміне күдіктілер ұсталды

Рассказать Вконтакте

Таразда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты күдіктілер қолға түсті. Олардың барлығы кәмелет жасына толмағандар деп хабарлайды өңірдегі Ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Vkurse.md

Көрнекі фото: Vkurse.md

Құқық қорғау органдары мәлім еткендей, 20 қыркүйек күні олар бір қыздың туған күнін атап өткен. Кафедегі отырыстан кейін жастар қалада қыдыруға шығады.

Серуендеп жүріп бір топ жас жігіттермен жолығып, келісе алмай қалған. Әлгі азаматтардың бірі туған күні тойланған қыздың қолындағы шарды жарып жіберіпті. Ал достары оны ренжіткеніне қарап тұра алмаған.

Осыдан кейін жігіттер ерегісіп, бейтаныс біреу жәбірленушінің жағынан ұрып қашып кетеді.

Енді полицейлер оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Олардың барлығы кәмелет жасына толмаған екен.

Басты күдікті өзінің кінәсін толық мойындап отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel