RU
Абай ауылындағы зорланған 7 жасар баланың ісіне байланысты сот отырысы басталды
Жаңалықтар Қоғам

Абай ауылындағы зорланған 7 жасар баланың ісіне байланысты сот отырысы басталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Түркістан облысы Абай ауылындағы жоғарғы сынып оқушыларының 7 жасар баланы зорлау ісіне қатысты сот процесі басталды. Елді дүрліктірген шулы іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:gorodkiev.com.ua

Фото:gorodkiev.com.ua
Source: UGC

Сот процесі толық жабық режимде жүрді. Журналистер сот залына жіберілген жоқ. Айыпталушы және жәбірленуші тараптың аты-жөндері аталмады.

Абай ауылындағы зорлау фактісіне қатысты сот процесіне алқабилер қатыстырылуда. Алдын-ала отырыста үміткерлер таңдалып іріктелген. Алқа мүшелерінің де есімдері жария етілмейді.

"Сотталушы заңның 121 бабы 4-ші бөлігімен айыпталуда. Сотталушының өтінімхаты бойынша, сотқа ақылдастар алқасы қатыстырылуда", - дейді сот Самидин Темірәлиев.

Еске сала кетейік, Абай ауылының қарт тұрғыны 7 жасар немересін жоғарғы сыныптың бір топ баласы зорлап, қорлап келгенін айтып шағымданған. Жанжал халық арасында дүрбелең тудырып, жұрттың жағасын ұстатты.

Қазір төрт күдіктінің бірі сот алдында жауапкершілікке тартылып отыр. Оның жасы 14-тен жоғары болғандықтан мұндай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Қалған күдіктілерге қатысты іс жас мөлшеріне байланысты қысқартылған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel