RU
Головкин - Альварес жекпе-жегінде Қазақстан әнұраны неге қойылмады?
Жаңалықтар Спорт

Головкин - Альварес жекпе-жегінде Қазақстан әнұраны неге қойылмады?

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде Геннадий Головкиннің Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі алдында Қазақстан әнұранынан бас тартты деген ақпараттар желдей есті. Алайда белгілі әнші Карина Абдуллина шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын айтып, бұл қауесеттерге нүкте қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: Prosports.kz

Коллаж: Prosports.kz

Әншің өзінің Facebook парақшасына видео салып, Головкинге тағылып жатқан айыптардың негізсіз екенін хабарлады. Себебі Карина Абдуллина еліміздің әнұранын GGG мен "Канело" реваншы алдында жеке өзі орындаған. Ал әнші бокс кешіне отандысымыздың өзі шақырған екен.

"Мен АҚШ-қа Геннадийдің жеке шақыртуымен ұшып келіп, Қазақстан әнұранын GGG — Canelo жекпе-жегі алдында орындадым", - дейді әнші.

Каринаның сөзінше, жазба ең басты кештің алдында емес, андеркардтың алдында жазылған. Ал телеарна қос мықтының кездесуінің алдында бұл жазбаны көрсетуі керек болған. Алайда әнұран сол күйі эфирде қойылмаған. Бұған не себеп болғанын Абдуллина білмейді.

"Қазақстан әнұраның Лас-Вегастағы сол кеште орындалды. Біздің туымызда аренада желбіріп тұрды", - деген әнші Головкиннің әрқашан өз елінің патриоты болып қала беретінін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
2
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel