RU
Назарбаев өзінің көмекшісін Ақордаға шақыртты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев өзінің көмекшісін Ақордаға шақыртты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ғабит Байжанов. Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ғабит Байжанов. Фото: akorda.kz

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.

"Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет", – деді Қазақстан президенті.

Ғ.Байжанов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің алдағы жұмыстары жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel