RU
Ақтөбеде 26 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде 26 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жас қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, тіл тартпай кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

ә,аыф

Көрнекі фото: styler.rbc.ua
Source: UGC

Қайғылы жағдай орын алған жерде түсірілген видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін, 26 қыркүйек күні, күндізгі уақытта "Нұр Ақтөбе" ықшамауданында болған.

Бойжеткен төртінші қабаттың терезесінен құлаған көрінеді. Төтенше жағдай орнына келіп жеткен дәрігерлер қызды құтқарып қала алмаған.

Облыстық ІІД Қазақпаратқа мәлімдеуінше, қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша "өзіне қол салуға итермелеу" бабымен қылмыстық іс қозғалыпты.

Оқиғаның мән-айы анықталу үстінде.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel