RU
Алматы облысында үш мектеп оқушысында менингит анықталған
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында үш мектеп оқушысында менингит анықталған

Рассказать Вконтакте

Соңғы он күнде Алматы облысында менингит диагнозымен үш мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылған. Сол себепті Қаскелеңдегі Абай мектебінде оқитын оқушылардың ата-аналары менингит шыққан осы оқу ордасын карантинге жабу керек деп дабыл қағуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы облысында үш мектеп оқушысында менингит анықталған

Көрнекі фото: Ребенок.ру

Жиі құсып, басы ауырған 6 сынып оқушысынан дәрігерлер іріңді менингит деген диагноз анықтаған.

Ал Абай мектебінде оқитын жасөспірімдердің ата-аналары бүгінде көңілдеріне кірбің ұялағандықтан, "карантин болмаса менингит дерті одан бетер өршіп кете ме" деп қорқуда. Олардың көпшілігі тіпті оқушыларды мектепке жібергісі келмей отыр.

Қаскелеңде орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына аталмыш мектепте оқитын жеткіншектен басқа тағы екі оқушы келіп түскен.

Ақ халаттылар өмірге қауіп төнетіндей қатер жоқ дегенді алға тартуда. Айта кетерлігі, жыл бойына бұл емханада барлығы 63 адам менингит ауруынан жазылып шыққан.

Ауруханада жатқан мектеп оқушыларының халдері бүгінде көңіл көншітерлік екен. Мамандар олардың осы апта соңына таман толық емделіп болған соң үйлеріне оралатынын айтады.

Ал менингит табылған мектепте балалары оқитын ата-аналар білім ошағын карантинге жабуды талап етуде.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel