RU
Алматыда жантүршігерлік апаттан әйел адам мен бүлдіршін қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жантүршігерлік апаттан әйел адам мен бүлдіршін қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда болған жол апаты екі адамның өмірін жалмады. Автокөліктердің соғысуы салдарынан әйел адам мен бүлдіршін қайтыс болды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

женщина

Фото: zakon.kz

Жантүршігерлік апат 26 қыркүйек күні кешкісін Шолохов көшесінен жоғары орналасқан Сүйінбай даңғылында орын алған.

Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, Volkswagen Touareg көлігі Шолохов көшесінен қатты жылдамдықпен келе жатыпты.

женщина

Фото: zakon.kz

Бір мезетте автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соғысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында Audi жолаушысы қаза тауыпты. Сонымен қатар, ауруханаға барар жолда осы көлікте болған бүлдіршін де көз жұмған.

женщина

Фото: Закон

Audi жүргізушісі мен тағы бір баланы ауруханаға жеткізген. Олардың жағдайы аса ауыр.

Volkswagen жүргізушісі болса тексерілу үшін ауруханаға барған.

Оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel