RU
Петропавлда "Лексус" қағып, қашып кеткен екі бойжеткеннің бірі көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Петропавлда "Лексус" қағып, қашып кеткен екі бойжеткеннің бірі көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Петропавлдағы ойын-сауық орталығының қасында "Лексус" көлігі қағып кеткен екі бойжеткеннің бірі көз жұмды. 25 жастағы Ксения Овсянникова 11 күн бойы ес-түзсіз арнайы аппараттың көмегімен демалып жатқан деп хабарлайды 31 арна.

Павлодарда "Лексус" қағып, қашып кеткен екі бойжеткеннің бірі көз жұмды

Павлодарда "Лексус" қағып, қашып кеткен екі бойжеткеннің бірі көз жұмды
Source: UGC

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 15 қыркүйек кұні қаладағы "Ударник" ойын сауық орталығының маңында болған еді. Екі тұрғынды жүйткіген көлік соғып, екі жүз метрге дейін сүйреп алып кеткен.

Бұл жағдайдан кейін көлік жүргізушісі оқиға орынан ізін суытса, екі бойжеткен ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер ауыр ауыр бас ми жарақаттарын алған Ксения Овсянникованы өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның артында екі жасар баласы қалды.

Ал Ресейге қашып кеткен күдікті Илья Старухинді полиция әлі таба алмай жатыр. Оған тіпті ресми түрде іздеу жариялаған болатын.

Дереккөз 31 арна.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel