RU
Сәләфит жігітке тоқал болған жас ғалым Сирияға кетіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Сәләфит жігітке тоқал болған жас ғалым Сирияға кетіп қалды

Рассказать Вконтакте

Алматылық Айнұр есімді (ред. - аты өзгертілді) жас ғалым сүйіктісінің сөзіне сеніп, Сирияның соғыс болған аймағына барып қайтқан деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Өзінен алты жас кіші сәләфит жігітке тоқал болған қазақ ғалымы Сирияға кетіп қалған

Көрнекі фото: mediacenter.md

Бойжеткен қаладағы белді оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдап, экономика ғылымдарының кандидаты атанған.

2012 жылы ол білімін шыңдау үшін Алматы қаласындағы араб тілін үйрету орталықтарының біріне барып, сабақ оқи бастайды. Орталықта жүріп теріс діни ағымды ұстанушы Меруерт (ред. - есімі өзгертілген) есімді азаматшамен танысып, жақын араласа бастапты.

Меруерт күйеуге шықпаған бойжеткеннің миын улап, Түркияда тұратын теріс діни ағымды ұстанушы қазақ жігітімен телефон арқылы таныстырады. 2013 жылы жігіттің шақыруымен Айнұр Стамбулға аттанып, өзінен алты жас кіші сәләфиттің екінші әйелі болады.

Жас жұбайлар сол жылы Түркиямен шекаралас Сирияның Атма қаласына көшіп барады. Осы уақытта оның жұбайы Алеппо қаласындағы радикалды террористік топтардың қатарында болып, қақтығыстарға қатысқан екен.

Ал Айнұр болса 2014 жылы ұл босанып, 2015 жылы Стамбулға отбасымен қайта көшіп келеді. Сол жылы Қазақстан тарапының сұрауымен Айнұрдың күйеуі тұтқындалып, Түркияда абақтыға жабылады.

Махаббаттан басы айналып, жат діннің жетегінде кеткен келіншек 2017 жылы елге қайтару бойынша өтініш хат жазып, Алматы қаласына оралған.

Елге келген Айнұрды құзырлы органдар ерекше бақылауға алып, арнайы сауықтыру орталықтарында теріс діни идеологиядан қайтару және әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары жүргізген.

Қазіргі таңда, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Кеңес беру және оңалту орталығы қара жамылып, жат діннің жетегінде кеткен келіншекті қалыпты қоғамдық өмірге қайтарып, тұрақты жұмысқа орналастырған.

Ал 3 жасар ұлы балабақшаға алынып, отбасымен оңалту жұмысы жүргізілуде.

Биыл жыл басынан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Кеңес беру жəне оңалту орталығында 961 ер жəне 22 əйел адамға дəстүрлі Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімдеу жəне деструктивті діни ағымның идеологиясынан оңалту бойынша кеңес беріліп, əңгімелесу жүргізілді.

Ескерту: NUR.KZ порталының эксклюзивті материалдарын редакцияның рұқсатынсыз көшіруге, көшіріп басуға және қандай да бір мақсаттарда пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
0
1
10
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel